Өскеменде көпқабатты үй карантинге жабылды
Өскеменде көпқабатты үйлердің бірі карантинге жабылды , деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Славский атындағы жағалау, 18 мекенжайында орналасқан көпқабатты үйдің бір кіреберісі карантинге жабылды. Аталмыш мекенжайда тұратын 36 жастағы азамат елордадан оралғаннан кейін өз еркімен тексеруден өткен. Нәтижесінде коронавирус жұқтырғаны анықталды.
– Тәртіп сақшылары кіреберісті күзетіп, тәртіпті қадағайлады. Қазір эпидемиологиялық шаралар жүргізілуде, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұл үйдің кіреберісі қандай мерзімге жабылатыны дәрігерлердің зерттеу нәтижелеріне байланысты анықталады.