Сыбайлас жемқорлыққа қатысты шағымданушылар көбейді
Республикада сыбайлас жемқорлыққа қатысты шағымдар екі есе көбейді. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме беріп.
– Операторларымыз тәулік бойы қоңырау қабылдайды. Сыбайлас жемқорлық мен кәсібіне кедергі келтіру фактілері бойынша шағымдарды тіркеп алады, – деді Алик Шпекбаев.
Оның айтуынша, түскен шағымдар мен қарастырылып жатқан істер былтырғыдан екі есе көп.
– Биыл келіп түскен 3,5 мың қоңыраудың 600-і тіркелді. Оның ішінде 44-іне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Былтырғымен салыстырсақ, бұл сан екі есе жоғары, – деді Алик Шпекбаев.