KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 6 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Бөдене өсіру тауықтан төрт есе пайдалы - кәсіпкер

7.11.2019, 09:39 203

«Oskemen Invest» - бизнеске 50 нақты ұсыныс» бірінші қалалық инвестициялық форумында  кәсіпкерлер назарына бірнеше бизнес жоба ұсынылды.

Бөдене өсіріп белшеден пайда тапқыңыз келе ме? Әлде әлемде жоқ су аттракционын салғыңыз келе ме? Я болмаса, ақ нан пісіріп нарықты жаулаған наубайшы атанғыңыз келе ме? Мұның барлығы арман емес, нақты іске асатын жобалар. Тек қалтаңыз қаржыға қампайған инвестор болсаңыз болғаны.

 

– Бөдене өсіру жобасын бүгінде бастап қойдым, – дейді Аңсар Ешенбаев есімді жеке кәсіпкер. – Енді инвесторлар көмегімен оның ауқымын кеңейтуді ойластырып отырмын. Бөдене өсіру кәсібі тауық өнімдерін сатудан төрт есеге пайдалы. Біздің фермамыз бөдене санын көбейтуге және балапандарын бордақылауға арналады. Бір бөдене бір жылда 300-ге тарта жұмыртқа береді. Инкубациялық кезеңі - 16, жұмыртқа беретін кезге жетуі - 40 күнді құрайтын бұл құс өте пайдалы.

Бастамасы жасалған бизнеске бар-жоғы 18 млн. теңге инвестиция қажет екенін айтқан ол, құйылған қаражат екі ай көлемінде ақталып, әрі қарай табыс әкеле бастайтынын тілге тиек етті. Сондай-ақ аталмыш кәсіпорын бөдене еті мен жұмыртқасының нарықтағы бағасын бірнеше есеге арзандатып сатуды тәжірибеге енгізбек.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив