Бүгін Өскемендегі ең алғашқы трамвайдың жолға шыққанына 60 жыл!
Бүгін Өскеменде трамвайдың жүре бастағанына 60 жыл, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
1959 жылдың 6 қарашасында трамвай (7 вагон) алғаш рет Өскемен вокзалынан Қазцинкке қарай шыққан. Ал Машзавод аялдамасына қарай 1960 жылы жүрген. Бұл жол екі жылдан кейін барып Защита вокзалына дейін созылған.
– Қазір қалада күн сайын 17 вагон жүреді. Жүргіншілерімізге ыңғайлы жағдай туғызуға барымызды саламыз, – дейді Өскемен көлік компаниясының қызметкерлері.
Трамвай алғаш тұрғындарды жұмысқа және үйге жеткізу үшін салынған. Қазір де сол мақсатта жүріп тұр. Трамвай – қаладағы шығыны аз, билеті арзан көлік түрі болып саналады.