ШҚО тумасы Алматыда қыз зорлап, жихад жасамақ болған
Алматы қаласында 42 жастағы ер азаматқа қатысты өгей қызына зорлық көрсетті деген күдікпен тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, ол жезөкшелерге сутенерлік жасады, одан бөлек заңсыз қару-жарақ сақтап, Сирияда жихад жасамақ болды деген де күдік бар. Анықталғандай, күдікті – Шығыс Қазақстан облысының тумасы екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Elorda Aqparat сайтына сілтеме жасап.
Күдікті ер адам өгей қызына төрт жыл бойы зорлық көрсетіп келіпті. Бұл қылмыс алғаш рет жасалған кезде қыз бала 13 жаста болған екен. Ал оның жұбайына, яғни қыздың анасына намаз оқитын адам мұндай сұмдыққа барады деген ой кіріп шықпаған. Күйеуінің өзгеруіне ислам атын жамылғандардың тікелей ықпал етті деп сенеді. Себебі, соңғы кездері ол бауырларымен бірге соғысуға кететінін жиі айтып жүріпті.
Айта кетсек, екеуінің 4 баласы бар. Ал әйелдің бірінші некеден туған тұңғыш қызы бүгінде 18 жасқа толып отыр. Қазір психологтардың бақылауында.