KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 4 м/с, В
479.05 534.57 5.17

"Солақай сері" - Серік Құсанбаев Солтүстіктен бас жүлде алып келді

18.03.2019, 06:11 274

Петропавл қаласында ақын Ерік Асқаровтың 60 жылдығына орай өткен республикалық айтыста өскемендік айтыскер Серік Құсанбаев бас жүлде алды.      

Айтыста өзінің айқын қолтаңбасын қалдырып, драматургия мен поэзия әлемінде ұлт руханиятына сүбелі үлес қосқан Ерік Асқаровтың рухын асқақтату үшін Қызылжарда еліміздің әр бұрышынан 22 айтулы айтыскер ақын бас қосқан болатын. Айтыс сүйер қауым бұл додаға алдын ала «ретро айтыс» деп айдар тағып үлгерді. Өйткені сахнаға Е.Асқаровпен бірге айтысқан аға буын өкілдері мен бүгінде аламанның алдын бермей жүрген әйгілі ақындар қатар шыққан болатын.

Екі айналымға созылған жыр жәрмеңкесінде «Солақай сері» атанған өскемендік ақын Серік Құсанбаев бас жүлдеге ие болып, 2 000 000 теңгені қаныжағасына байлады.

«Айтыстың бірінші орыны Түркістан облысынан келген Маржан Есжановаға бұйырса, екінші орын қарағандылық Аманжол Әлтаевтың қанжығасында кетті. Үшінші орынның жүлдесін Бекарыс Шойбеков пен Мұхтар Ниязов иеленді. Серік Қалиев пен Құдайберлі Мырзабеков ынталандыру сыйлығына ие болды. Қалған қатысушылардың барлығына 200 мың теңгенің дипломы табысталды» - дейді шараны ұйымдастырушылардың бірі Жарқын Жұпархан.

Жерлесімізді айшықты жеңісімен құттықтау үшін телефон шалдық.

«Ерік Асқаровпен айтыс алаңында жолымыз бірнеше рет түйісті. Тіліп айтатын, тауып айтатын, талатты айтыскер еді. Жасы үлкен болғандықтан өзіме рухани аға тұтатынмын. Сондықтан, Алтайдан ат арытып, осы тойға арнайы келдім. Бірінші айналымда екі қазы «9» қойып, мүмкіндігімді төмендетіп жіберген. Ринат Зайытов сол олқылықтың орнын толтырып, өз жолын маған берді. Ақтық сында Құдайберлі Мырзабекпен жолым түйісті» - дейді ақынның өзі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив