KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность Штиль
480.11 532.25 5.14

"Тікелей кінәлімін" - шаңғышының жаттықтырушысы кешірім өтінді

6.03.2019, 04:57 124

Алексей Полторанин үшін алғашқы жаттықтырушысы кешірім сұрады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

 

Естеріңізде болса, шаңғышы Австрия жеріндегі әлем чемпионатында допинг дауына байланысты жарыстан шеттетілген еді.

 

 

– Құрметті, қазақстандықтар, спорт ережесін бұзған шәкіртім үшін кешірім өтінемін. Бұл жайға өзімді тікелей кінәлі санап отырмын. Оның алдына 11 жасында-ақ тек алтын алуың керек деп мақсат қойып едім. Ол соның соңынан жетем деп, рұқсат етілмеген қадамға барған екен, – деді жаттықтырушы Алексей Наконечный.

 

 

Алексей Наконечный шаңғышыны қолдауды өтінеді.

 

 

– Бәріңіз Алексейді қолдасаңыздар екен. Оның спортқа қайтып оралғанын қалар едім. Оралып, еліміздің туын абыроймен желбіретуі керек, – деді жаттықтырушы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив