ШҚО-да жиһаз бен тұрмыстық заттар қымбаттады
Фото: dom.kz
2023 жылғы маусым айының қорытындысы бойынша, елімізде жиһаз бен тұрмыстық заттар қымбаттады.
Баға бір айда 2,6 пайызға, бір жылда 20,3 пайызға өскен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Еnergyprom порталының деректеріне сілтеме жасап.
Жиһаз бен тұрмыстық заттар Шығыс Қазақстан (42,8 пайыз), Қарағанды (33,1 пайыз), Қостанай облыстарында (31,5 пайыз) айтарлықтай қымбаттаған.
Ал бағаның ең төмен жылдық өсімі Маңғыстау (4,3 пайыз), Павлодар (7,7 пайыз) және Ұлытау (10,6 пайыз) облыстарында байқалды.
Оқи отырыңыз