Қоғамдық тамақтану орындары тексеріледі - ШҚО
Фото: egemen.kz
Өңірде 1 аптадан бері аптап ыстықтың беті қайтпай тұр. Синоптиктердің болжамына сүйенсек, келесі аптада тұрғындарды тағы ыстық ауа райы күтеді.
Облыс әкімі аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне адамдардың көпшілік демалатын орындарындағы қоғамдық тамақтану объектілерін тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Улану жағдайларын болдырмау үшін, азық-түліктің қалай сақталатынын және жарамдылық мерзімін тексеру үшін тамақтану орындарын тексеру керек, - деп атап өтті ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.
Оқи отырыңыз