Шығыс өңірінде бұршақ жауады
Фото: news.myseldon.com
«Қазгидромет» РМК 25-27 шілде күндеріне ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы күндері атмосфералық бөлімдердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде найзағай, екпінді жел, жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Солтүстік пен шығыста бұршақ жаууы ықтимал. 27 шілдеде осы өңірлерде нөсер жаңбыр күтіледі.
"Солтүстік-батыс антициклонының сілемімен 25-26 шілдеде оңтүстікте, 27 шілдеде елдің батыс аймақтарында жауын-шашынсыз күн райы қалыптасады. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді», - делінген синоптиктер мәліметінде.
Оқи отырыңыз