KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
495.95 524.37 4.98

Адамның өліміне әкелетін көлік апаттары жиілеп кетті – ІІМ

Фото: top-fon.com

24.07.2023, 16:30 154 Оразай Жеңісұлы

Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек кейінгі кезде бірнеше адамның өлімімен аяқталатын көлік апаттары жиілеп кеткенін мәлім етті, деп хабарлайды  Altaynews Қазақпарат-қа сілтеме жасап.

«Жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан, ел жолдарындағы ахуал күрделі күйінде қалып отыр. Әсіресе 3-тен аса адамның қазасына әкеп соғып жатқан апаттардың жиілеп кетуі алаңдатады. Ондай апаттардың бәрі қала сыртындағы тасжолдарда болған. Бұл жайттар жол қозғалысына қатысушылардың тәртібі төмен екенін және жүргізушілердің өзіне тым сеніммен қарауынан орын алғанын көрсетеді», – деді министрлік өкілі.

Ш.Тұрлыбектің айтуынша, министрлік осы апаттарға талдау жасаған.

«Талдау көрсеткендей, мұндай апаттардың бәрінде жүргізушілер алдындағы көлікті басып озу үшін асығыстыққа барып, қарсы жолаққа шығады және жылдамдықты қатты арттырады. Салдарынан көлік тізгініне ие бола алмай қалады. Жол-көлік оқиғаларының 95 пайызы жүргізушінің қамсыздығы мен салғырттығынан болады. Жол қателікті кешірмейтіні бәріне белгілі. Сондықтан ІІМ жол қозғалысына қатысушылардың бәріне асықпай жүріп, қозғалыс жылдамдығы мен арақашықтықты сақтау керектігін ескертеді», – дейді Шұғыла Тұрлыбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу