Бұқтырмаға бір адам батып кетті
Өскемен қаласының тұрғыны Бұқтырма су қоймасына батып кетті.
Полицияға 29 шілде күні демалушылар хабар берген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оқиға орнына құтқару жасағының қызметкерлері де жеткен. Алтай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің мәлімдеуінше, мәйіт «Эдельвейс» демалыс базасы жақтағы жағалаудан он метр қашықтан табылған. Құтқарушылар мәйітті жағаға жеткізген. Тексеруден кейін көз жұмған демалушының 50-60 жас шамасындағы Өскемен қаласының тұрғыны екені белгілі болды.
Оқи отырыңыз