Риддерде құтқарушылар аяғын сындырып алған туристке көмекке келді
Риддер қаласының құтқарушылары аяғын сындырып алған ресейлік саяхатшыға көмек қолын созды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Омбыдан келген әйел адам демалыс базасының аумағында сноуборд теуіп жүріп аяғын сындырып алған. Құтқарушылар ағашқа соғылып жарақат алған саяхатшыны таудан сплитбордпен түсіріп, жедел жәрдем дәрігерлеріне табыстады.
Құтқарушылар туристерден қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрады:
- навигациялық құрылғыларды (GPS-навигаторлар, коммуникаторлар) алып жүрген жөн;
- жолдағы түсу жылдамдығы мен маневрлер шаңғышының физикалық және техникалық дайындығына сәйкес болуы керек;
- шаңғышы көлбеудің тіктігіне, ауа-райына сәйкес өзінің жылдамдығы мен көлік құралын бақылауы керек.
Оқи отырыңыз