Өскеменде қоғамдық көліктер кешеуілдеуі мүмкін
Фото: Тілеубек Шаяхмет
Өскемендегі «Жолаушылар тасымалын басқару орталығы» ЖШС қала тұрғындарына үндеу жасады.
Қоғамдық көліктер сирек қатынайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Күн суық болғандықтан, жанармай қатып жатыр. Сондықтан автобустар желіге аз шығады. Тасымалдаушылар көліктерді жылы бокстарға кіргізіп, қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Тұрғындарға ескертеміз, жолға шықпас бұрын «Oskemenbus» қосымшасына бір қарап алған жөн, – деді жолаушылар тасымалын басқару орталығының техникалық мәселелер жөніндегі бас инженері Руслан Төлеубеков.
Оқи отырыңыз