Ертең ұшақтар бір сағат ерте ұшады...
Ертеңнен бастап бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі. Соған байланысты «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына қарасты Қазақстан темір жолы, «Air Astana», «Qazaq Air» компаниялары жолаушыларға хабарландыру жасады.
«Жолаушылар сағатты бірыңғай уақыт белдеуіне сәйкес ауыстыруды ұмытпағаны абзал. Пойыздар билетте көрсетілген уақытқа сай келеді және жөнелтіледі. 1 наурыз сағат 00:01-ден (Астана уақыты бойынша) басталатын әуе рейстері билетте көрсетілген уақыттан 1 сағат бұрын орындалады», - делінген қор таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ, хабарламада әуежайлардың Call-орталықтары арқылы ұшу кестесін нақтылау қажеттігі айтылған (SMS және поштаға хабарламалар жіберіледі).