KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 2 м/с, З
443.85 474.3 4.8

Риддерде 600 орындық мектептің құрылысы басталады

сурет редакция архивінен

3.04.2024, 15:30 58 Оразай Жеңісұлы

Риддер қаласында 600 орындық мектептің құрылысы басталады. Кеншілер шаһарына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Ермек Көшербаев құрылыс жұмыстарын бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында ШҚО әкімдігі, «Казцинк» ЖШС және Риддер әкімдігі үшжақты меморандумға қол қойған. Білім мекемесінің жер телімі белгіленді. Қазақ тілінде оқытатын бұл мектеп заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында Риддерде тағы бір 600 орындық аралас мектеп салады. Жоба негізін биыл аяқтау жоспарда бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив