ШҚО-дағы мектептер дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етілді

Шығыс Қазақстандағы білім мекемелері термометр, бактерицидті шамдар және рециркуляторлармен жабдықталған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің деректеріне сүйенсек, жаңа оқу жылы қарсаңында барлыққа мектепте дайындық жұмыстары пысықталған – ғимараттар жөнделіп, сумен жабдықтау, кәріз және жылыту жүйелеріне тексеру жүргізілген.
– Мектептер байланыссыз термометрлермен, бактерицидті шамдармен, дезинфекциялық кілемшелермен, қол жуатын құралдарымен, рециркуляторлармен толық қамтамасыз етілді, – облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингіде.