ШҚО-да 12 гидробекет жұмыс істеп тұр

Шығыс Қазақстан облысында 12 гидробекет жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының бас инженері Дидар Мергенов айтты.
– Гидробекеттер сел жиі болатын таулы аймақтарға қойылған. Ондағы мамандар күніне үш уақ өзен-көлдердің деңгейін зерттеп, өзге де қажетті ақпараттармен бірге облыс орталығына жолдап отырады. Ал орталықтағы мамандар ақпаратты өңдеп, Алматыға жібереді. Сол арқылы сел қаупінің алдын алу шаралары жасалады, – деді Дидар Мергенов өңірлік коммуникациялар қымзетінің алаңында өткен брифингіде.
Оқи отырыңыз