KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
480.11 532.25 5.14

ШҚО-дағы қала және аудан әкімдерінің қазан айындағы ақпараттық белсенділігі (рейтинг)

5.11.2018, 06:16 114

Аltaynews.kz  сайты 2018 жылдың қазан айында жарияланған материалдарға сүйене отырып,  ШҚО бойынша аудан және қала әкімдерінің кезекті ақпараттық белсенділік рейтингін жасап шығарды.


Қалалар бойынша  ақпараттық бәйгеде облыс орталығы Өскемен тағы да бірінші орынға шықты. Одан айтарлықтай төмен көрсеткішпен екінші орында үйреншікті ретте Семей тұр. Риддер қаласы өткен айдағы көрсеткішін сақтап қалды. Ал Курчатов сол қалпы үш қаланың соңында жүр. Көрсеткіші, тіпті, төмедеген. Рейтингтен аутсайдерлерге арналған тұрақты орын белгілеп қоятын кез келген секілді.


Аудандар бойынша үш ай қатарынан рейтингтің алдын бермеген Аягөздің ақпараттық қарқыны осы жолы бәсеңдепті. Алға Зырян озып шығып, Аягөзді екінші орынға ығыстырды. Жарма үшінші орнын ұстап келеді.


Қазандағы ақпараттық белсенділігі ең төмен аудандар: Шемонайха, Тарбағатай, Абай, Глубокое. Абай ауданы жиі рейтингтің соңында жүретін, осы айда да «баяғы жартас – сол жартас» күйінде қалып отыр. Тарбағатай мен Шемонайха қыркүйекте де аутсайдерлердің қатарында аталған.


Қыркүйек айындағы рейтингті келесі сілтемеге өту арқылы көре аласыздар https://altaynews.kz/archives/42163.





Қалалар мен аудандар


Рейтинг


Қала мен аудан әкімдері




Өскемен


73


Омар Жақсылық Мұқашұлы




Семей


25


Сәлімов Ермак Бидахметұлы




Риддер


15


Мұратов Жомарт Хайдарұлы




Курчатов


2


Оңдақанов Алмас Аманқолұлы









Зырян


16


Тоқсеитов Нұржан Тлеужанұлы




Аягөз


9


Байахметов Бақытжан Кәкенқажыұлы




Жарма


8


Сыдықов Нұрлан Бәтташұлы




Күршім


6


Қажанов Дулат Зайсанбекұлы




Көкпекті


6


Смаилов Асхат Сайдахметұлы




Үржар


6


Зайнулдин Серік Зинабекұлы




Катонқарағай


4


Нұрғожин Ахметқали Ахашұлы




Зайсан


3


Қасымжанов Темірбек Жұмақұлұлы




Бородулиха


3


Акулов Григорий Иосифович




Ұлан


2


Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы




Тарбағатай


1


Оразбаев Ділдәбек Тәжібайұлы




Абай


1


Жарқынбек Борашұлы Байсабыров




Шемонайха


1


Тоқтаров Амангелді Жамелұлы




Глубокое


1


Қалихан Байғозыұлы Байғонысов




 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив