KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
480.11 532.25 5.14

ШҚО-дағы қала және аудан әкімдерінің тамыз айындағы ақпараттық белсенділігі (рейтинг)

3.09.2018, 05:56 202

Аltaynews.kz  сайты 2018 жылдың тамыз айында жарияланған материалдарға сүйене отырып,  ШҚО бойынша аудан және қала әкімдерінің кезекті ақпараттық белсенділік рейтингісін жасап шығарды.


Қалалар бойынша  осы айда облыс орталығы Өскемен қайта алдыңғы орынға шықты. Естеріңізге сала кетсек, өткен айдағы рейтинг бойынша көшбасшылық орынды Семей алып кеткен еді. Бұл жолы Семей сәл төмен көрсеткішпен екінші орынға жайғасты. Тамызда Риддер қаласы өткен айдағы өте төмен көрсеткішін айтарлықтай өзгертті, дегенмен қалалар арасындағы үшінші орыннан жоғарылай алмады.


Аудандар бойынша Аягөз ауданы тағы да алға шығып отыр. Өткен айда Аягөз рейтингте көш бастап тұрған еді, осы көрсеткішті тамыз айында да сақтап қалды. Екінші орынға жайғасқан Жарма ауданы әр ай сайын басқа аудандарды артқа тастап, көшбасшылық орынға қарай ұмтылып келеді. Үшінші орында Катонқарағай ауданы тұр. Катонқарағай алдыңғы екі айда жақсы көрсеткіштермен аса қуантпаған болатын.


Тамыз айында ақпараттық белсенділігі ең төмен аудан Шемонаиха ауданы болып шықты. Алдыңғы екі айда рейтингтің соңғы орындарынан шыға алмаған Абай ауданы осы жолы Шәкәрімнің 160-жылдығына орай өткен шаралардың көмегімен нашар ақпараттық көрсеткішін сәл де болса жақсартты. Сондай-ақ, рейтингтегі көрсеткішін жақсартқан аудандардың қатарында Глубокое ауданын ерекше атап өтуге болады. Ал керісінше, рейтингте айтарлықтай құлдырап кеткен аудандар – Ұлан және Зырян. Бұл екі аудан маусым және шілде айларындағы белсенділіктерін жоғалтып отыр.


Қалалар арасында соңғы орында Курчатов тұр.


Шілде айындағы рейтингті келесі сілтемеге өту арқылы көре аласыздар


https://altaynews.kz/archives/37283


 





Қалалар мен аудандар


Рейтинг


Қала мен аудан әкімдері




Өскемен


61


Омар Жақсылық Мұқашұлы




Семей


53


Сәлімов Ермак Бидахметұлы




Риддер


15


Мұратов Жомарт Хайдарұлы




Курчатов


3


Оңдақанов Алмас Аманқолұлы














Аягөз


29


Байахметов Бақытжан Кәкенқажыұлы




Жарма


18


Сыдықов Нұрлан Бәтташұлы




Катонқарағай


14


Нұрғожин Ахметқали Ахашұлы




Глубокое


10


Қалихан Байғозыұлы Байғонысов




Үржар


9


Зайнулдин Серік Зинабекұлы




Бесқарағай


6


Батырбаев Дәулет Бахитұлы




Тарбағатай


6


Оразбаев Ділдәбек Тәжібайұлы




Абай


6


Жарқынбек Борашұлы Байсабыров




Ұлан


5


Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы




Күршім


2


Чукаев Сейсенғазы Жұмағалиұлы




Зайсан


2


Қасымжанов Темірбек Жұмақұлұлы




Бородулиха


1


Акулов Григорий Иосифович




Көкпекті


1


Смаилов Асхат Сайдахметұлы




Зырян


1


Тоқсеитов Нұржан Тлеужанұлы




Шемонаиха


0


Тоқтаров Амангелді Жамелұлы




 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив