KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
480.11 532.25 5.14

ШҚО-дағы қала және аудан әкімдерінің қыркүйек айындағы ақпараттық белсенділігі (рейтинг)

9.10.2018, 06:11 110

Аltaynews.kz  сайты 2018 жылдың қыркүйек айында жарияланған материалдарға сүйене отырып,  ШҚО бойынша аудан және қала әкімдерінің кезекті ақпараттық белсенділік рейтингісін жасап шығарды.


Қалалар бойынша  ақпараттық бәйгеде облыс орталығы Өскемен бірінші орынға шықты. Жаңа басшының келуімен қаланың ақпараттық белсенділігі арта түскендей. Одан айтарлықтай төмен көрсеткішпен екінші орынға Семей жайғасты. Риддер қаласы өткен айдағы көрсеткішін тағы да жақсы жағына қарай өзгертті, дегенмен қалалар арасындағы үшінші орнынан осы жолы да жоғарыламады. Ал Курчатов бұл үш қаланың ақпараттық «ақ боз аттарына» мүлде ілесе алмады.


Аудандар бойынша, міне, үшінші ай қатарынан Аягөз алға шығып отыр. Тамыз айында рейтингтің соңына түсіп қалған Зырян қайта қарқын алып, екінші орынды өзіне қайтарып алды. Ай сайын басқа аудандарды артқа тастап, көшбасшылық орынға ұмтылып келе жатқан Жарма тамыздағы көрсеткішін сақтап қалғанымен, екінші орынды сақтай алмады. Дегенмен сәл ғана төмен көрсеткішпен үшінші орында нық тұр. Катонқарағай тамызда алғашқы үштікке енген болатын. Осы жолғы көрсеткіштері де жаман емес, бірақ төртінші орынға түсіп қалды.


Қыркүйек айында ақпараттық белсенділігі төмен төрт аудан анықталып отыр: Ұлан, Тарбағатай, Шемонаиха, Бородулиха. Соңғы үшеуі аса белсенділігімен назарға іліге қоймаған болатын. Ал алдыңғы орындарда жүрген Ұлан ауданы рейтингтің басы мен соңын шатастырып алды ма, әйтеуір, соңғы орынды көздегендей құлдырып кетті. Осы төрт ауданның арқасында белсенділігі төмен Абай ауданы нашар көрсеткіштің өзімен рейтингтің ортасына қарай жылжып алды. Қыркүйекте ақпараттық белсенділігін айтарлықтай жақсартқан аудан – Күршім.


Қалалар арасында соңғы орында тағы да Курчатов тұр.


Тамыз айындағы рейтингті келесі сілтемеге өту арқылы көре аласыздар https://altaynews.kz/archives/39449. 





Қалалар мен аудандар


Рейтинг


Қала мен аудан әкімдері




Өскемен


120


Омар Жақсылық Мұқашұлы




Семей


43


Сәлімов Ермак Бидахметұлы




Риддер


28


Мұратов Жомарт Хайдарұлы




Курчатов


3


Оңдақанов Алмас Аманқолұлы














Аягөз


23


Байахметов Бақытжан Кәкенқажыұлы




Зырян


20


Тоқсеитов Нұржан Тлеужанұлы




Жарма


18


Сыдықов Нұрлан Бәтташұлы




Катонқарағай


14


Нұрғожин Ахметқали Ахашұлы




Күршім


11


Қажанов Дулат Зайсанбекұлы




Глубокое


9


Қалихан Байғозыұлы Байғонысов




Зайсан


7


Қасымжанов Темірбек Жұмақұлұлы




Көкпекті


5


Смаилов Асхат Сайдахметұлы




Үржар


4


Зайнулдин Серік Зинабекұлы




Бесқарағай


2


Батырбаев Дәулет Бахитұлы




Абай


1


Жарқынбек Борашұлы Байсабыров




Ұлан


0


Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы




Тарбағатай


0


Оразбаев Ділдәбек Тәжібайұлы




Шемонаиха


0


Тоқтаров Амангелді Жамелұлы




Бородулиха


0


Акулов Григорий Иосифович




 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив