Жазушы Талғат Кеңесбаев дүниеден өтті
Бүгін ұзаққа созылған дерттен семейлік жазушы Талғат Кеңесбаев дүниеден өтті.
Талғат Кеңесбаев 1961 жылы 15 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Сарыжал ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Семей педагогикалық институтын тәмамдаған. Жазушы. Алғашқы шығармалары 1980 жылдары баспасөзде жарияланды. 1988 жылы республикалық "Жігер" фестивалінің лауреаты атанды. Тұңғыш кітабы "Француз әтірінің иісі" 1990 жылы жарық көрген.
Қазақ әдебиетінің тағы бір майталман жазушысы өз шығармаларын келер ұрпағына аманаттап, қолын бұлғап кетіп барады. Әдебиетіміздің көрнекті өкілі, талантты жазушысының қазасына орай барша қазақ елінің қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз...