KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Қазанда жұлдызды қызыл жаңбыр жауады

5.10.2018, 11:19 233

Қазанның 8-нен 9-на қараған түні Драконид деп аталатын жұлдызды жаңбыр жауады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Халықаралық метеорологиялық ұйымның мәліметі бойынша, метеор жауыны 8 қазан күні сағат 21:00-ден 9 қазан сағат таңғы 6:00-ға дейінгі аралықта болады деп болжануда.


Драконид – әдемі қызыл метеорлар жауыны. Айдаһар (Дракон) шоқжұлдызы аспанның Солтүстік жарты шарындағы Үлкен Аю мен Кіші Аю шоқжұлдыздарының ортасында орналасқан. Бұл көне шоқжұлдыздардың бірі болып табылады. Оның ең жарық жұлдыздары ғаламшарда төртбұрыш құрайды, ол фигура Айдаһардың басы деп аталады. Аталған шоқжұлдыздан Драконид метеор ағыны бастау алады екен.


Айта кетсек, Драконид осы жылдағы соңғы жұлдызды жаңбыр емес. Алдағы айларда тағы екі метеорид ағындарын тамашалауға болады: Орионид және Геминид. Орионидтің белсенділігі 20-21 қазан аралығында жақсы байқалып, 7 қарашаға дейін жалғасады. Ал Геминид 4-17 желтоқсан аралығында болады деп болжануда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив