KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 5 м/с, СБ
482.86 533.17 5.08

«Алтай» «Қыранды» тізе бүктірді

23.09.2018, 07:26 115


Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының 28-ші турында Шымкентте жергілікті «Қыранмен» кездесу өткізген семейлік «Алтай» 2:1 есебімен жеңіске жетіп, үшінші орынға бір табан жақындады.


Аталған ойындағы есепті бірінші таймның соңында алаң иелері ашқанымен, кездесудің екінші жартысында «Қыран» қақпасынан екі мәрте саңылау тапқан алтайлықтар, осылайша қарсыласынан жеңісті жұлып әкетті. Бір атап өтерлігі, екі голды да өз еншісіне шабуылшы Жандос Сұлтан жазды.


Осы жеңісінің арқасында 52 ұпай жинаған Сергей Тимофеевтің командасы турнир кестесінің алғашқы үштігіне жақындай түсті. Қазір үшінші орындағы «Қыран» мен төртінші орындағы «Алтайдың» арасын екі-ақ ұпай бөліп тұр.


Келесі кездесуін жерлестеріміз 30 қыркүйек, сенбі күні өз алаңында екінші орындағы «Таразға» қарсы өткізбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив