KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Өскеменнің әкімі Риддер қаласындағы жол апатының куәсі болған

24.04.2018, 12:00 141

Естеріңізге сала кетсек, жуықта Риддер қаласы әкімінің орынбасары мас күйінде BMW X5 шетелдік автокөлігін жүргізіп келе жатып, жол бойында жүрген жаяу жүргіншіні қағып кеткен болатын. 19 жастағы бозбала оқиға орнында көз жұмған еді.


Енді осы оқиғаға Өскеменнің әкімі Қуат Тұмабаевтың қатысы бар деген алып-қашпа сөздер айтылуда.


Көз жұмған баланың әкесі Виктор Смольников әлеуметтік желілер арқылы азаматтарға жеке-дара өтініш білдіріп, қайғылы оқиғаның куәгерлерін іздестірді. Ұлының жерлеу рәсімінен кейін, Виктор бізге телефон арқылы қолында тергеушілер ескермей отырған бейнежазба мен куәлік базасы барын айтты. Айта кетейік, лауазымды тұлғаның мас күйінде көлік жүргізген бейнежазбасы ғаламтор мен электронды БАҚ-та кеңінен таралған.


Сондай-ақ, Виктор Смольников апат кезінде көлікте Риддер әкімінің орынбасарымен бірге Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаевтың болғанын да айтуда. Оның үстіне, олардың машинасымен бірге полицейлік автокөлікпен қалалық полиция бөлімінің басшысы жүрген деген болжам бар.



- Женяны қағып өлтірген жүргізуші қатты мас болғанына сенімдімін, - дейді Виктор Смольников. – Ұлымды қаққаннан кейін сыртқа шыққанда көліктен құлап түскені туралы менде ақпарат бар. Олар шығып, қарайды да, кетіп қалады. Кейін әкімнің орынбасары оқиға орнына жалғыз келіп, сол жерде құрықталады. Бірақ көлікті мүлдем басқа бағытта қояды. Ал тоқтау қашықтығы 43 метр болған, яғни ол менің ұлымды қаққаннан кейін тежегішті басқан. Олар болса, жүргізуші тежегішті соқтығысқанға дейін басты деп көрсетпекші. Тергеуді шатастырып, кінәлілерді қорғап қалуға тырысуда деп күдіктенемін. Менде жоғалтатын ештеңе қалмады. Бас прокуратураға, Ішкі істер министрлігі мен ҰҚК-нің басшыларына да барамын.

Айтпақшы, қазір Виктор Смольников өзінің дәйектерімен бірге Астанаға қаласына жол тартты.


Бүгін Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өту керек болған, бірақ соңғы сәтте белгісіз уақытқа шегерілді. Дегенмен, Өскемен әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Тұмабаев мырзаның оқиғаның куәсі болғаны рас екен.


- Ол жол апатының кездейсоқ куәгері болды. Жедел жәрдем шақырып, куәгер ретінде Риддер полиция бөлімінде түсінік берді. Одан іс бойынша егжей-тегжейлі ақпаратты жарияламауға қолхат алынған, - деп мәлімдеді Өскемен әкімі баспасөз хатшысы Әсем Қайратбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив