KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 1 м/с, С
482.86 533.17 5.08

Семейліктерді селт еткізген жалған хабарлама

8.12.2017, 12:20 144

Семейде  бала ұрламақ болғандардың әрекеті туралы хабарлама тұрғындар  арасында алаңдаушылық тудырды.  «Қаладағы мектеп қасынан ұлымды ұрлап әкете жаздады»- деген әйелдің дыбыстық жазбасы желі арқылы желдей есіп, ата-аналардың зәресін алды. Әйелдің айтуынша, оның ұлын бәзбіреулер мемлекеттік тіркеу нөмірі көрсетілмеген көлікке күштеп отырғызып әкетпек болыпты.  Алайда ШҚО ІІБ аталған деректі толықтай жоққа шығарды.


– ШҚО аумағында бұндай дерек мүлдем тіркелген жоқ,-деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Айта кету керек, дәл осындай «жалған ескертулер» Алматы облысына да таратылған екен.  ҚР ІІМ баспасөз қызметі осыған орай арнайы түсінік берді.


- Ғаламтор арқылы тарап жатқан, балаларды ұрлау туралы ақпараттар жалған.  Ел аумағында ондай дерек тіркелген жоқ.  Сонымен қатар хабарламада айтылған Яникой ауылы Кабардино- Балғар (РФ) аумағында орналасқан,-деді  ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев.

Полиция қызметкерлері  бұндай жалған ақпараттарды таратушылар заң алдында жауапқа тартылатынын ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив