KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

ШҚО-дағы барлық гидротехникалық нысандарға тәулік бойы күзет қойылады

14.03.2017, 18:00 235


Бүгін әкімдікте өткен мәжілісте өңірдегі гидротехникалық нысандардың қар еру маусымына дайындығы да талқыланды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында 2014 жылдан бері алты бірдей сушаруашылық нысан қайта жабдықталған. Ал апаттық жағдайдағы жеті нысанды жөндеу үшін қосымша 6,9 млрд теңге және бөлінген.

Осының арқасында бөгендердің маңайындағы елді мекендерді су басу қаупі сейіліп отыр. Қардың суын жазғы аптапта пайдаға жарату үшін бүгінде жеті бірдей қоймада су жинақтау жұмыстары жүруде. Ал кемеріне жеткен бөгендерден суды шлюздер арқылы сыртқа жіберу жұмыстары ұйымдастырылмақ. Барлық гидротехникалық нысандарға тәулік бойы күзет қою да жоспарланып отыр.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив