KZ
Өскемен
-3°
ясно жел 2 м/с, В
482.86 533.17 5.08

Шығыс Қазақстанда минус 35 градусқа дейін аяз болады

8.12.2014, 18:00 323



Қазақстанның бес облысында күн күрт суытып, ауа температурасы минус 35 градусқа дейін төмендейді, деп ақпарат таратуда ІІМ-нің төтенше жағдайлар комитеті. Саршұнақ аяз қаһарына мінетін өңірлердің ішінде Шығыс Қазақстан да бар, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Синоптиктердің хабарлауынша, еліміздің басым аумағында құбылмалы ауа райы біразға дейін сақталмақ. Республиканың оңтүстік-шығысында қалың қар жауып, ішінара тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал. Қатты боран соғады деген болжамдар бар. ШҚО-да желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

9-желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысының кейбір аудандарында ауаның температурасы минус 30-35 градусқа дейін төмендейді. Осындай табиғи жағдайларға байланысты жауапты орындар адамдарға алыс жолға шыққанда сақ болу қажеттігін ескертеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив