KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Семей көп балалы аналар ардақталды

17.09.2013, 18:00 153


Семейде ардақты және көп балалы аналарға құрмет көрсетілді. Қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева мен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов алтынқұрсақты аналардың кеудесіне «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерін қадап, кітапшаларды салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Семей қалалық ішкі саясат бөлімінде хабарлағандай, «Алтын алқа» Аида Тоқсанбаеваға табыс етілсе, «Күміс алқамен» көп балалы аналар Жанар Қанағатова, Дәмеш Ордабаева және Наталия Росянова марапатталды.

Салтанат кезінде ардақты аналарды олардың балалары мен немерелері, қалалық ардагерлер кеңесі мен ақсақалдар кеңесінің өкілдері құттықтады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив