KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Семейде көпбалалы аналарға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табыс етілді

23.06.2013, 18:00 155


Семейде ардақты және көп балалы аналарға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі қалалық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сілтеме жасап.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов пен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары Қалияс Жұмабай алтынқұрсақты аналардың кеудесіне «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерін қадап, кітапшаларды салтанатты түрде табыс етті.

Семейде көпбалалы аналарға «Алтын алқа»  мен «Күміс алқа» табыс етілді«Сіздер тек балаларыңыз алдында ғана ардақты емессіздер. Сіздер мемлекет алдында үлкен еңбек сіңіріп, мемлекет алдында абыройларыңызды асырдыңыздар», - деп атап өтті А. Доғалақов.

Семейде көпбалалы аналарға «Алтын алқа»  мен «Күміс алқа» табыс етілдіҚалияс Жұмабай құттықтау сөзінде: «Үш жыл ішінде 2040 анаға осындай төсбелгілерді табыс еттік. Елбасының тапсырмасын сіздердің алдарыңызда орындап отырғандарымызға қуаныштымыз», - деді.

«Алтын алқа» Төлеутай Ақбатиева, Светлана Дәуленбаева, Шамшан Теңізбаеваға табыс етілсе, «Күміс алқамен» көп балалы аналар Индира Жақиянова, Рашида Хайбуллина және Алтынсара Карипбаева марапатталды.

Салтанат кезінде ардақты аналарды олардың балалары мен немерелері, қалалық ардагерлер кеңесі мен ақсақалдар кеңесінің өкілдері құттықтады.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив