KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 3 м/с, ОБ
479.05 534.57 5.17

Жастарға жұма күнінің қасиеттері түсіндірілді

8.08.2013, 18:00 188


Тарбағатай аудандық орталық кітапханада «Жұма-күндердің ең ұлығы» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аудандық ішкі саясат, білім беру бөлімінің мамандары, мектеп мұғалімдері, дін өкілдері және ауыл ақсақалдары мен жастары бас қосқан жиында діни сауаттылық жайында әңгіме өрбіді.

Өңірдегі діни ахуал туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Д.Байтілеуова баяндама жасады.

«Ұранхай қажы» мешітінің имамы Д.Қасен жастарға қасиетті жұма күнінің мағынасы мен сауаптарын түсіндіріп берді. Сонымен қатар ауыл ақсақалдары да өз білгендерін ортаға салып, жиналғандармен имандылық хақындағы пайымдарымен бөлісті. Жастар тарапынан имамға дінге қатысты көптеген сұрақтар қойылды.

Айт мерекесі кезінде өткен басқосуда қасиетті рамазан айында ораза ұстаудың сауаптары жайлы кеңінен сөз болды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив