KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 2 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Семейде қымыз өзен болып ақты

8.07.2013, 18:00 134


Семейде ұмыт болып бара жатқан ұлық дәстүріміздің бірі қымызмұрындық ұйымдастырылды. 500 литрден астам мөлшердегі бес түрлі (сорт) қымыз өзен болып ақты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Ахау, Семей» ұлттық-мәдени орталығының әжелері тостаған толы бие сүтін құйып беріп, көпшіліктің алғысына бөленді. Астана қаласының мерейтойы аясындағы қымызмұрындық мерекесі биыл қаладағы орталық саябақтың ішіндегі Шәкерім ескерткішінің жанында өтті. Ақ жайылған бес дастарқанда бес түрлі қымыз ұсынылды.

Бал татыған қымыздан ауыз тиген семейліктер бұл мерекені көпке дейін ұмытпайтындарын айтады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив