KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность Штиль
480.11 532.25 5.14

Оңды үрдіс жалғасын табуда

16.06.2013, 18:00 158


Ұлылар елінде облыс Әкімінің «Туған жерге - тағзым» акциясы аясында басталған оңды үрдіс өз жалғасын таба түсуде деп хабарлайды Алтайньюс сайтының тілшісі Абай ауданынан.

Жуырда Тоқтамыс ауылында Жастар саябағы салтанатты жағдайда ашылды. Оның лентасын аудан әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбеков қиды. Осы шараға орай жас та болса танымал айтыскер ақын Нұржан Өмірбаев жыр толғады.

Әсем шарбақпен қоршалған жаңа саябаққа ағаш, гүлдер егілген, жаздық сахна жасалып, би алаңы ашылған, орындықтар орнатылған. Жалпы құны бір жарым миллион теңгені құрайтын бұл саябақтың ашылуына аталған ауыл мектебін осыдан жиырма жыл бұрын бітірген жастар бастамашы болған екен. Мұндай қамқорлыққа ауыл тұрғындары дән риза дейді ауыл әкімі Ақылтай Садырбай.

Мәлімет көзі – Altaynews. kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив