KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 1,3 м/с, В
480.11 532.25 5.14

Ертең Шығыс Қазақстанға аусыл індетінің өршуіне орай ауыл шаруашылығы вице-министрі келеді

28.05.2013, 18:00 139


Ертең Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданына ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева жұмыс сапарымен келеді. Іссапардың мақсаты ауданда орын алып отырған аусыл індетінің өршуі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Ақшоқы ауылында індетке шалдыққан және ауру малмен бірге жайылған ірі қара малдың 1375 басы құртылды. Ауру мал өртеліп, мал қорымына көмілген болатын.

Облыстық ТЖД-нің мамандары хабарлағандай, індет ошағын арнайы ерітіндімен залалсыздандыру жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Бүгінге дейін 1 пайызды «Кристалл-900» ерітіндісімен радиусы 5940000 метр аумақ залалсыздандырылған .

3453 бас ірі қара мал мен 4962 ұсақ тұяқты мал аусылға қарсы егілді. Аулаларда ауру малдарды анықтау әлі де жалғасуда. Тұрғындарға аусыл індеті жайлы түсініктеме жүргізу шаралары қолға алынған.

Осындай ауқымды іс-шаралардың жүргізілуіне қарамастан ауданда індетті ауыздықтау мүмкін болмай отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив