KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Қазақстан бір миллиард доллар көлемінде қарыз алуды жоспарлап отыр

11.05.2013, 18:00 267


2013 жылы Қазақстан сыртқы рыноктан 1 миллиард доллар көлемінде қарыз алуды жоспарлап отыр. Бұл жайында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлімдеді , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Kazakhstan Today сілтеме жасап.

Европалық қайта құру және даму банкінің жылдық жиналысында сөз сөйлеген Жәмішев Қазақстан халықаралық банктерді қарыздың лид-менеджері рөліне шақыратынын атап өтті.

«Біз сыртқы рынокқа қаражат үшін емес, осы рынокта өзімізді көрсету мақсатында несиеге алуға, кері санау нүктесін анықтауға барамыз», —деді министр.

Жәмішевтің айтысына қарағанда, евробондтардың жаңа шығарылымы корпоративті заемщиктер үшін кері санау нүктесін құруға бағытталады. Алайда министр мырза Қазақстан қандай кірісті лайық деп санайтынын айтқан жоқ.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив