KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 1,3 м/с, В
480.11 532.25 5.14

ШҚ облысында мереке күні 2 адам суға кетті

9.05.2013, 18:00 233


ШҚ облысында бір күнде 4 жастағы бүлдіршін мен 75 жастағы қария адам суға кетіп, мерт болды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Көкпекті ауданында үш ересек адам мен үш бала Тассай ауылынан балық аулауға аттанған. Үлкендер балық аулап жүргенде, балғындар олардан 50-60 мерт қашықтықта Тассай өзенінің жағасында ойнап жүреді. 2009 жылы туған бір бала өзенге құлап, суға кетіп қалады. Баланың денесін туыстары жағаға шығарды», - деп хабарлайды облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Дәл осы күні Глубокое аудандық ІІБ-не Бобровка елді мекенінің тұрғыны 1938 жылы туған ер адам дүкеннен үйіне қайтып келе жатып Бобровка өзеніне құлап кеткені туралы хабар келіп түскен.

Көргендердің айтысына қарағанда қария мас болған.

Үлбі құтқару стансасының мамандары қарттың денесін ертеңінде таңертең ғана тауып, жағаға шығарды.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив