KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 3 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Ерліктеріңіз мәңгілік ел есінде қалады

8.05.2013, 18:00 182


Ардақты соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері!
Сіздерді Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі болып қала бермек. Ұлы Жеңісті жақындатуға абзал арыстарымыздың майдан даласында, отандастарымыздың тылда қосқан еңбегі өлшеусіз. Аға буынның ардақты ісін кейінгі ұрпақ бүгінгі күні лайықты табыстармен жалғастырып келеді деп ойлаймын. Қазақ-стандық жауынгерлер барлық ірі шайқастарға қатысты. Тыл ардагерлері өзінің ерен еңбегімен Ұлы Жеңіске зор үлес қосты.

Кейінгі ұрпақ жарқын да бейбіт болашақта өмір сүруі үшін қан майданды бастан кешірген Өздеріңізге әрдайым тағзым етеміз. Жеңіске қол жеткізген батырлықтарыңыз, ерліктеріңіз мәңгілік ел есінде қалады.

Бұл мерекеде Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға құт-береке тілейміз!
Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын!

Бердібек САПАРБАЕВ,
Шығыс Қазақстан облысының Әкімі

Григорий Пинчук,
облыстық мәслихаттың хатшысы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив