KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

ШҚО Біржан ауылында көппәтерлі тұрғын үй салынып жатыр

14.04.2013, 18:00 137


Зайсан ауданы Біржан ауылында 6 пәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. Құрылысқа аудандық бюджеттен 18,1 миллион теңге қаражат бөлініп, мердігер мекеме «Өскемен құрылыс» ЖШС ағымдағы наурыздан бастап іске кіріскен , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазір ол жерде жергілікті жердің 12 азаматы жұмыс істеп, 50 мың теңге еңбекақыларын алуда. Жұмыс барысы жоспарға сәйкес, уақытымен жүргізілуде. Алдағы шілдеде пәтер кілттері осы ауылға қызмет етемін деп, бекініп келген жас мамандардың қолдарына табыс етілмек.

Осы жердегі Амангелді атындағы орта мектептің ауласын білім ошағының ұжымы құдды бір иранбаққа айналдырып жіберіпті. Қолдан отырғызылған алуан гүлдер мамырдың басын ала дүркіреп шығып, көздің жауын алғалы тұр. Былай қарағанда қарапайым көрінетін кішкентай субұрқақ пен мүсіндер де осы сұлулықтың ажырамас бір бөлшегі іспетті тым үйлесім тапқан.

Зайсан5а 3ссапары барысында мектепті және оның қасындағы бой түзеп келе жатқан 6 пәтерлі тұрғын үйді аралап көрген облыс басшысы Бердібек Сапарбаев қолға алынған істерге жоғары баға беріп, ерекше атап көрсетті. Әсіресе, ауыл ішіндегі әрбір электр бағанасына бекітілген құмырадағы тірі гүлдер бұрын-соңды басқа аудандарда кездеспеген, Зайсанның өзіне ғана тән ерекшелік деп түсіндік.

Серік Әбілхан
Сурет Е.Орынбаевтікі

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив