KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Өскемен қаласында 7 жастағы қызды көлік басып кетті

7.04.2013, 18:00 229


Өскемен қаласында ата-анасының қарауынсыз жол бойында ойнап жүрген 7 жастағы қыз бала көліктің астына түсіп, қайтыс болды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Облыстық жол полициясында хабарлағандай, қайғылы оқиға Аблакетка шағын ауданында орын алған. ГЭС-тен қалаға қарай келе жатқан «Тойота-Камри» автокөлігінің алдынан кенет қыз жүгіріп шыққанда, жүргізуші тежегішке басып үлгермей қалған. Қатты соққы алған бала оқиға болған жерде көз жұмды.

Жол сақшыларының сөзіне қарағанда, бақытсыз жағдай ең алдымен ата-ананың балаға дұрыс бақылау жасамауынан болды. Кішкене қыз жол бойында үлкендердің қарауынсыз ойнап жүрген. Қазір белгілі болғандай, №14 мектептің 1-сыныбында оқыған зардап шегушінің отбасы қолайсыздар қатарына жатқан көрінеді. Қыздың шешесін ата-ана құқынан айыру жөнінде сөз де қозғалыпты.

Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты қылмысты іс қозғалды, 1962 жылы туған жүргізушіден басқа жаққа кетпеу жөнінде қолхат алынды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив