KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Шығыс Қазақстанның елді мекендері қарғын суға қарсы тұруға дайын

14.03.2013, 18:00 197


ШҚО Ұлан ауданындағы барлық елді мекендерде қарғын суға қарсы кешенді жұмыстар қолға алынған. Саратовка – Отрадное жолының бойындағы 11 су каналы мен құбырлар қар мен қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ауыл жұртшылығы төтенше жағдай туындай қалса, не істеу керектігінен құлағдар. Құтқару қызметінің мамандары тұрғындармен кездесу өткізіп, ескертулер мен жадынамалар таратқан.

Сонымен қатар, шаруа қожалықтарының басшылары қажет уақытта техникасын пайдалануға беруге де келісімін беріпті. Округте тасқынға тосқын боларлық құм салынған қаптар да дайын тұр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив