KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Зайсанда алты жүз орындық мектеп пен үш жүз орындық интернаттың құрылысы жүріп жатыр

24.02.2013, 18:00 229


Зайсан қаласында алты жүз орындық мектеп пен үш жүз орындық интернаттың құрылысы жүріп жатыр. Аталған екі нысанның жобалық құны 1429,057 миллион теңгені құрайды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі

Бұл – ұстаздар мен оқушылар үшін жағымды жаңалық. Құрылыс жұмысы былтырғы 14 желтоқсанда басталған. Биылға 120 миллион теңге қаржы бөлініп, ол толық игерілді. Нысанның құрылысын жүргізіп жатқан мердігер «СМУ Шығыс» ЖШС мекемесі жұмысты сапалы атқаруға мән беруде. Бүгінде жатақхананың жертөлесі, жылу, су құбырлары бітуге жақын. Ғимараттың жанына жылу қазандығы орналастырылады.

Қыстың қақаған аязы мен боранына қарамастан мұнда 57 адам мен 9 техника дамылсыз еңбек етуде. Қажетті құрылыс материалдарының көбісі жергілікті жердің өнімдері. Тек цемент пен арматураны Өскеменнен алдыртып отыр. Бұйыртса, осы жылдың соңында қос нысан да қолданысқа берілмек.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив