KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями Штиль
480.11 532.25 5.14

RADIO ALTAY жаңалықтары - 05 шілде 2012 жыл

4.07.2012, 18:00 112


[center]Таңертеңгі шығарылым RADIO ALTAY

[/center

Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Зайсан ауданында «Тарбағатай-Мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі газ қорын барлау және анықтау жұмыстарын жүргізуде. Бұл өңірдегі газ қорының көлемі 5 миллиард текше метрден астам екені белгілі болып отыр. Осыған орай Қарабұлақ-Майқапшағай газ құбырын тарту жоспарланған. Жоба іске асқан жағдайда Зайсан қаласы, Қаратал, Қарабұлақ ауылдары көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі.

Ұлан ауданы Герасимовка ауылында орналасқан «Хамидов» шаруа қожалығының ұжымы 1 гектар жерде құлпынай жидектерін өсіріп жатыр. Олар күніне 40-60 шелекке дейін өнім жинап, аудан және Өскемен қаласының тұрғындарына саудалауда.

«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы аясында Зырян қаласы М.Горький көшесіндегі 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталды. Бұл күндері арнайы комиссия құрылыс сапасын тексерумен айналысуда.

Ирандағы Горган қаласында қол күресінен ардагерлер арасында Азия чемпионаты өтті. Чемпионатқа Қазақстаннан 35 спортшы қатысты. Ұлан ауданынан еліміздің намысын қорғаған Мұхамедолла Ағзамов осымен жетінші мәрте Азия чемпионы атанды. Қасым Қайсенов кентінің әкімі Думанай Мусин де өз салмақ дәрежесінде сынға түсіп, алтын медальға ие болды.

Бородулиха ауданы Петропавловка ауылындағы Аманов атындағы орта мектептің құрылғанына 40 жыл толды. Білім ошағындағы мерейтойға мектептің әр жылғы түлектері келіп, ән мен күй шарықтаған әсерлі кеште бал дәурен балалықтары мен өткен күндерінен сыр шертті.

Глубокое ауданы Малоубинка ауылындағы салынып жатқан балаларды сауықтыру лагерінің құрылысы аяқталуға таяп қалды. Қазіргі уақытта құрылыс қалдықтары шығарылып, төңірегіне әртүрлі мүсіндер қойылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив