KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Тасқынға тосқын қойылуда

3.04.2012, 18:00 104


Облыстың барлық қалалары мен аудандарында көктемгі қар суына қарсы алдын алу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жекелеген су басу оқиғаларын айтпағанда, аймақтағы жағдай тұрақты.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті болуы мүмкін су тасқыны жағдайында апаттық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды өткізу үшін Қатонқарағай ауданындағы Барлық, Сенное ауылдарындағы екі мобильдік топты жинақтау шешімін қабылдады. Топтар су басқан жерлерге барлау жасап, тасқындық жағдайдың мониторингін жүргізетін болады.

Аймақта мобилизациялық даярлау, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, Ертіс бассейндік инспекциясының, облыстық ТЖ департаментінің, «Қазводподхоз» АМК бөлімшесінің мамандарынан құрылған жұмыс топтары тасқын қаупі бар учаскелерді тексеріп, тасқынға қарсы жұмыстардың орындалуын қадағалауда.


ШҚО бойынша ТЖД-ның тасқындарға қарсы бұл шараларды өткізу күші мен құралдары жеке құрамның 27 адамынан, 5 техника бірлігінен, жүзу құралдарының 5 бірлігінен, 1 мотокомптан құралады.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив