KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 3 м/с, ОБ
479.05 534.57 5.17

Төрт МЕКЕМЕ ЖҰМЫЛЫП, төл тілімізді түгендемек

1.03.2012, 18:00 130


«Көп түкірсе, көл болады» демекші, ендігі жерде өңіріміздегі мемлекеттік тілдің мерейін асыруға бірнеше орындар атсалыспақ.

Анығырақ айтсақ, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының облыстық филиалы, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың мемлекеттік тілді оқыту орталығы, «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалы, сондай-ақ, қалалық орталық кітапхана тізе қоса отырып, осы жылдың 28-ақпанынан 28-наурызына дейін бір ай бойы «Қазақша сөйлейік» тақырыбында акция өткізбек.
Бұл туралы Өскемен қаласындағы партия филиалының баспасөз орталығында айтылды.
«Қазақша сөйлейік» акциясы – бұдан бұрын да жыл сайын өтіп келе жатқан дәстүрлі шара. Бірақ «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, осы шараның бұрынғы жылдардағыдан сәл өзгерек екенін айтады «Нұр Отан» партиясы филиалының жастар саясаты бойынша кеңесшісі Мұхит Сүттібаев.
Акция барысында «Ұрпақтар сабақтастығы», «Тәрбие басы – тіл», «Маман күні», пікір-сайыс ойыны, «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты көрме, әлеуметтік сауалнама, ақпараттық материалдарды талдау сынды әртүрлі тақырыпта шаралар өткізілмек. «Осы акцияны өткізу арқылы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, басқа тілде бақаша шулайтын жастар арасында қазақ тілінде сөйлеуді сәнге айналдырсақ» дейді шараны ұйымдастырушылар.
– Шынын айтсақ, аға буын мен жас буын арасындағы сабақтастықты жоғалтып алдық. Енді осы шара аясында бұл жағын да қарастырамыз, – деді орта-лық кітапхананың қызметкері Гүлбар-
шын Тілегенқызы баспасөз мәслиха-тында.
«Жұмыла көтерген – жүк жеңіл» демекші, көп болып кіріскен жұмыстан белгілі нәтиже шығары даусыз. Олай дейтініміз, бұл шара ана тілінен адасқан қаракөздерге ғана бағытталмай, мемле-кеттік тілге құлшыныс танытқан өзге ұлт өкілдерінің арасында да өткізілмек.
– Біздің облыста бұл жұмыспен айналысып келе жатқан сегіз оқыту орталығы бар. Олардың мемлекеттік тілді үйренем деушілерге әрқашан да есігі ашық. Ал біз бұл игі бастаманы қолдауға барымызды саламыз, – деп ағынан жарылды облыс-тық мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры Бақыт Ағажаева.
Алдағы уақытта аталмыш орындар өздеріне тиесілі тақырыптарын бөліп алып, әр деңгейдегі оқу орындарында, қоғамдық орталарда нақты іс-шаралар өткізбек.
Көп жылдық бұғаудан құтылып, есін енді жиған ана тіліңнің аяғынан тік тұрып кетуіне сен де атсалыс, ағайын!

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив