KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 3 м/с, Ю
443.03 480.38 4.91

«Жырлайды жүрек» атты әдеби-мәдени кеш өткізілді

15.02.2012, 18:00 86


14 ақпан күні Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті «Қазақстан студенттерінің Альянсының» ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-мәдени кеш өткізілді.

Кештің шымылдығын «Жалын» өнер орталығының белсенді мүшесі Сатыбалдин Манарбек ақын рухына арнаған жыр арнауымен ашты. Университеттің тәрбие бөлімінің бастығы Нұрия Молдағалиқызы бүгінгі жастардың «өздерінше әулие Валентин күні деп жат, кірме мерекені тойлатып отырған» кезде қазақтың біртуар перзенті Мұқағалидай алып ақынның туған күнін атап өту сол ағымға деген қарсылығы деп бағалаймын деген пікірін білдірді.
Мұқаңның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан алынған көрініс өз мәнінде қойылды. «Жалын» өнер орталығының өнерпаз жастары Мұқағалидың сөзіне жазылған бірнеше әндерді орындаумен қатар, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудың да кезегін жіберді. Бұл кештің өткізілуінің басы-қасында гуманитарлық-заң факультеті студенттерінің жүргенін айта кету керек.
«Саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді» - деп «Қазақстан студенттерінің Альянсының» көшбасшысы Айбек Қосанов кешті қорытындылады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив