KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 3,4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

35 жасында алты баланың анасы атанып, күмістен алқа тақты

10.03.2013, 18:00 192


Абай ауданындағы Қарауылдың тұрғыны, 35-ке енді толған Әсемгүл Құралқызы алты баланы өмірге әкеліп, «Күміс алқа» иегері атанды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Әсемгүлдің айтуынша, ол мектепті 1995 жылы бітірген. Ал келер жылы болашақ жары Ерген Тұрсынұлы мұны алып қашып, үйленіпті. «Әкем ол кезде Қарауылда милицияда қызмет істеді, оның үстіне мінезі қаталдау болған соң Ерген қаймыққан болу керек» дейді Әсемгүл.

Ерген 11 ағайынды отбасынан шыққан екен. Шешесі Доған «Алтын алқа» иегері атанған Ардақты ана. Соның екеуі Мерген мен Ерген – егіз. Ерген осы отбасындағы алтыншы сәби . Қазірде сол он бір баланың бәрі аяқтанған.

Қазір Әсемгүл мен Ергеннің үш баласы – Берікбол, Еркежан, Нұрбол мектепте оқиды. Кенжелері Айарудың жасы бірден енді асып отыр. Әсемгүлге «Күміс алқа» иегері ретінде айына тоғыз мың теңге тиесілі екен. Осынша мөлшерде Үкімет тарапынан берілетін жәрдемақы және бар. Электрмонтер болып жұмыс істейтін Ергеннің табысы да керемет емес. Бірақ, соған қарамастан олардың қабағы көтеріңкі. Ең бастысы, бастарында баспанасы бар, балалары желкілдеп өсіп келеді.


Дәулет Сейсенүлы

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив