KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.11 532.25 5.14

«Алтай-3» волейбол командасының қыздары Жапонияға кетті

17.09.2018, 08:45 191


«Алтай-3» волейбол командасының қыздары Жапонияға жол тартты. Күншығыс елінде жас волейболшыларымыз екі бірдей турнирге қатысып, оқу-жаттығу жиындарын өткізіп қайтпақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


«Алтай» волейбол клубының баспасөз қызметі хабарлағандай, жерлестеріміз сапары барысында Токио қаласында өтетін екі жарыста бақ сынайтын болады. Бұл додаларға ұзын саны 70-ке жуық команда қатысады деп жоспарлануда. Бұдан бөлек алтайлықтар оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, жергілікті волейбол ұжымдарымен тәжірибе алмаспақ.


Сонымен қатар волейболшыларымыз жақында Жапон елінде жалауын желбірететін қыздар командалары арасындағы клубтық Әлем чемпионатын тамашалауға мүмкіндік алмақ. Клуб басшылығының пайымдауынша, жас спортшылардың мұндай байрақты бәсекені өз көздерімен көруі оларды ынталандырып қана қоймай, шеберліктерін шыңдауға да көмектеседі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив