KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность Штиль
480.11 532.25 5.14

Өскеменнің ұшақтары жаңа бағыттар бойынша ұшатын болады

12.02.2019, 10:23 237

Өскеменнің ұшақтары жаңа бағыттар бойынша ұшатын болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өскеменнен тіке ұшуға болатын елдер мен қалалардың тізімі үш жылдан кейін жаңартылады, яғни толыға түседі. 2019 жылдан 2021 жылға дейін облыс орталығының әуежайын жаңарту жоспарланып отыр.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов атап өткендей, әуежайда құрылыс-монтаж және жарық-сигнал жабдығымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі. Тұрақ орны мен перрон толығымен пайдалануға беріледі. Сондай-ақ жүк терминалы салынып, 2800 метрге дейін ұшу-қону жолағы ұзартылатынын атап өтті басқарма басшысы.

– Осыдан кейін біздің әуежайға Airbus сынды сыйымдылығы жоғары ұшақтар қона алатын болады, – дейді Нұржан Жұмаділов.

Сонымен қатар, осы кезеңде Үржар ауылы әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жоспарлануда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив