KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Іргелі кәсіпорын әлеуметтік жобаларға қомақты қаражат бөледі

10.06.2024, 12:03 364 Ләззат Қанатқызы

«Казцинк» компаниясы өңірде үздік әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін 1,5 млрд теңгеден астам қаржы бөледі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен еліміздің тау-кен металлургия саласындағы үздік кәсіпорындардың бірі «Казцинк» компаниясы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қаражат ауруханаларды, мектептер мен мәдени мекемелерді жарақтандыруға, балалар мен спорт алаңдарын абаттандыруға және салуға бөлінеді.

- Бұл қаражат осымен шектеліп қалмайды. Кәсіпорын бізге өзге де жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетіп жатқанын айта кету керек. Оның ішінде ең бастысы «Казцинк» компаниясы Президент тапсырмасы бойынша Риддерде 300 орындық мектеп салып жатыр. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін Риддердегі жалғыз қазақ мектебі «Шаңырақ» жаңа білім ордасына көшіріледі, - деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.

Сондай-ақ аймақ басшысы меморандум аясында өзге де бірқатар жобалар жоспарланып отырғанын мәлім етті. Атап айтсақ, Риддерде екі ойын алаңы мен спорт алаңын салу, шағын сәулет мүсіндерін орнату, Серебрянка қаласында орталық су құбырларын ауыстыру, Шоссейная көшесі бойындағы орталық су құбырын жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр жыл соңында «Казцинк» ЖШС Шығыста «Арман қала» атты акция өткізген болатын.

  – Онда өңір тұрғындары қызықты әлеуметтік, мәдени, білім, медицина және инфрақұрылымға қатысты жобаларын ұсынуға мүмкіндік алып, дауыс беру арқылы тың идеялар таңдап алынды. Олардың негізгі бөлігі меморандумға енгізілді және бірқатар жоба биыл іске асырылады. Біз алдағы уақытта да өңірдің дамуына, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға белсенді атсалыса бермеміз, - деді «Казцинк» компаниясының әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев.

Облыс әкімдігі іргелі кәсіпорынның бастамасын қолдай отырып, меморандумға сәйкес бюджеттен Өскемен, Риддер, Алтай және Серебрянка қалаларында жолдарды және аулаларды, әлеуметтік нысандарын жөндеуге, абаттандыруға қаражат бөлетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу