KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
495.95 524.37 4.98

Қазақстан қысқа мерзімде 400 млн долларлық тауарды экспорттауға дайын

Фото: egemen.kz

20.07.2023, 09:53 137

«Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің» бірінші саммитінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге қатысты ұсыныс айтты.

Президент Қазақстан қысқа мерзімде құны шамамен 400 миллион доллар болатын 100 түрлі тауар экспорттауға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін бірнеше басым бағыт бойынша өз пікірімді ортаға салғым келеді. Ең алдымен, бұл – сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту. Соңғы жылдары біздің аймақтың ынтымақтастық кеңесі елдерімен сауда-саттығы қарқынды дами бастады. Мұны ерекше атап өткен жөн. Бірақ көрсеткіштер біздің әлеуетіміздің толық пайдаланылмай отырғанын көрсетеді,  деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл тұрғыда Президент тауар айналымын айтарлықтай арттыру үшін аталған елдерде барлық мүмкіндік бар екенін айтты.

– Ол үшін өзара сауда номенклатурасын ұлғайту қажет. Мысалы, Қазақстан қысқа мерзімде құны шамамен 400 миллион доллар болатын 100 түрлі тауар экспорттауға дайын,  деді Мемлекет басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу